jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Сербияда қазақстандық әйел жұмбақ жағдайда қайтыс болды

    Қайтыс болған әйел
    Қайтыс болған әйел. Фото: tiktok.com/@homeart_mebelart

    Әлеуметтік желілерде Сербияда Қазақстан азаматшасы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    TikTok желісіндегі homeart_mebel қолданушысы қызының Сербияның Белград қаласында қайтыс болғанын жазып, фотосурет жариялады.

    Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне берген жауабында Сербияда расымен де Қазақстан азаматшасы қайтыс болғанын жазған.

    "Сыртқы істер министрлігі Сербияда қайтыс болған азаматшамыздың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

    Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен үнемі байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Мәселе министрліктің бақылауында", - делінген хабарламада.

    Сербияда қазақстандық әйел жұмбақ жағдайда қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.