jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда зейнеткер мен 12 жасар немересі баспанасыз қалды: отбасы қазір қайда тұрып жатыр

    Баспанасыз қалған әже
    Баспанасыз қалған әже. Фото: "Астана" телеарнасы

    Алматы қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаева алаяқтардың арбауына түсіп, баспанасынан айырылған әже мен оның 12 жасар немересі қазір қайда тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін алматылық зейнеткер алаяқтардың қоңырауынан кейін қызы мен немересі пәтерінен айырылып қалғанын мәлімдеген болатын. Пәтер жаңа иелеріне сатылып кеткен. Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Жанат Айтпаева өз кезегінде Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құқық қорғау органдары алаяқтық фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатқанын айтты.

    "Отбасына келетін болсақ, олар қазір жеке үйде уақытша тұрып жатыр. Мемлекеттік органдар бұл адамдардың тегін тұру мәселесін шешіп берді.

    Ары қарай тұру қайда тұрады деген мәселе қарастырылып жатыр. Сондай-ақ әже мен немересіне қажетті әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілуде", - деп атап өтті спикер.

    Алматыда зейнеткер мен 12 жасар немересі баспанасыз қалды: отбасы қазір қайда тұрып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.