Жүк пойызы бригада жұмысшыларын қағып кеткен: 4 адамның өлімінен соң теміржол қызметкерлері сотталды
Жарияланған күні:

Жамбыл облысында жүк пойызы 4 адамды қағып кетіп, салдарынан олардың төртеуі де көз жұмған. Аталған оқиғаға қатысты теміржолдың 3 қызметкері сотталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, Шу аудандық соты теміржолда төрт қызметкердің қаза болу оқиғасы бойынша үкім шығарды.
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 10 желтоқсанда "Шешенқара – Қаражыңғыл" аралығында орын алған. Онда жүк пойызы теміржол сүйемелін жөндеумен айналысып жатқан бригаданы басып кеткен.
Жұмыстар аралықты жаппай және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтамай жүргізілген. Пойыз машинисіне жолда адамдардың жүргені туралы уақытылы ескертілмеген.
Басып кету салдарынан төрт қызметкер қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.
Соттың 2026 жылғы 9 шілдедегі үкімімен пойыз диспетчері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сарышаған жол дистанциясының екі қызметкері 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Бұдан бөлек, үшеуіне де теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Іс бойынша мемлекеттік айыптауды транспорттық прокуратура қолдады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2406698-zhuk-poiyzy-brigada-zhumysshylaryn-qagyp-ketken-4-adamnyng-oliminen-song-temirzhol-qyzmetkerleri-sottaldy/
