jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Мұнда бәрі сатылады": ІІМ "ҚР азаматтығын сатып алдым" деген шетелдіктің үстінен қылмыстық іс қозғады

    Төлқұжат ұстап тұрған адам
    Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Әлеуметтік желіде шетелдік азамат ақша төлеп, Қазақстан азаматтығын алғанын мәлімдеді. ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Письма президенту" Telegram-арнасында ер адамның ақшаға Қазақстан азаматтығын сатып алғанын айтқан видеосы жарияланды. Одан елде тіл білу деңгейін анықтайтын тест бола тұра, азаматтықты қалай алғаны сұралды.

    "Мұнда бәрі сатылады (...) жемқор ел", - деді ер адам.

    Кейін ол ел тұрғындарының "керемет" әрі "қонақжай" екенін сөз етті.

    NUR.KZ тілшісі ІІМ-ге сауал жолдады. Ведомство өкілдері әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының азаматтығын заңсыз алғаны туралы жалған ақпарат таратқан ер адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.

    "Ол шекаралас мемлекеттің азаматы болып шықты. Тексеру барысында оның Қазақстан азаматтығын алғаны туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайтыны анықталды.

    Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта шетелдік әріптестермен бірлесіп қажетті шаралар жүргізілуде", - делінген жауапта.

    ІІМ өкілдері қазақстандықтарды тек мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуге және тексерілмеген немесе көрінеу жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.

    "Мұнда бәрі сатылады": ІІМ "ҚР азаматтығын сатып алдым" деген шетелдіктің үстінен қылмыстық іс қозғады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.