jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    TikTok-та тікелей эфирде балағат сөз айтқан Талдықорған тұрғыны жазаға тартылды

    Талдықорған тұрғыны
    Талдықорған тұрғыны. Кадр: Instagram / zhetysu.police

    Талдықорғанда қоғамдық әдепті бұзған TikTok қолданушысы жазаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "ҚР ІІМ жаңалықтары" Telegram-арнасында хабарланғандай, Жетісу облысы ПД “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

    Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан азамат анықталды. Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны.

    Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған.

    Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қаулысына сәйкес, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

    Полицейлер интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салды. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

    TikTok-та тікелей эфирде балағат сөз айтқан Талдықорған тұрғыны жазаға тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.