jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Атырауда ойыншық Porsche-ні тізгіндеген жасөспірімді "ұстау" сәті желіде қызу талқыға түсті

    Жасөспірім мен полицейлер
    Жасөспірім мен полицейлер. Кадр: Instagram / nurlan_zhunasov

    Атыраудағы орталық алаңда балаларға арналған ойыншық Porsche көлігінде отырған кәмелетке толмаған жасөспірімнің "ұсталған" сәтінен видео желіде таралды. Оқиғаға қатысты өңірлік Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан кемінде бес полицейдің жасөспірімді ұзақ уақыт бойы балалар электромобилінен түсіруге тырысқанын, ал ол қарсылық білдіріп, шықпай қойғанын байқауға болады.

    "Куәлігі жоқ болғасын ұстады. Қымыз ішкен бе, әлде? Құқықбұзушыны ұстады", - дейді видео авторы кадр сыртында.

    Бір сәтте жасөспірім көлікті айдап, қашып кетпек болды, бірақ полицейлер Porsche-ні ұстап, жібермей тұрды. Оқиғаның немен аяқталғанын видеода көрінбейді.

    Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оқиға орнына ата-анасын шақырту керек еді, кәмелетке толмаған балаға бұлай істеуге болмайды десе, екіншілері жасөспірімнің өзі дөрекілік танытып, полицейлерге құрметсіздік көрсеткенін жазуда.

    Атырау облыстық Полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне жағдайды түсіндіріп берді. Ведомство әлеуметтік желіде тараған видео оқиғаның тек бір бөлігін ғана көрсететінін және болған жайттың толық көрінісі еместігін атап өтті..

    Олардың айтуынша, полицейлер тұрғындардан түскен шағымдар бойынша балаларға арналған ойыншық көліктерді жалға беру қызметінің заңдылығын тексеру үшін оқиға орнына барған.

    Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың бірі тәркіленуге тиіс көлікке әдейі отырып алып, полицейлердің көліктен шығу туралы бірнеше рет қойған заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

    "Бірнеше рет ескерту жасалғаннан кейін, полицейлер процессуалдық әрекеттерді жалғастыру үшін жасөспірімді көліктен шығаруға мәжбүр болды. Бұл ретте арнайы құралдар немесе өзге де мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.

    Сонымен қатар сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінсіз қоғамдық орында жүргені анықталды. Осыған байланысты ол полиция басқармасына жеткізіліп, заңды өкіліне қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды", - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаменті.

    Ведомство балаларға арналған ойыншық көліктерді жалға беру қызметінің заңдылығы бойынша тексеру жалғасып жатқанын мәлімдеді. Оқиғаға қатысушылардың барлық әрекетіне құқықтық баға беріледі.

    Атырауда ойыншық Porsche-ні тізгіндеген жасөспірімді "ұстау" сәті желіде қызу талқыға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.