jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Мешітте жасөспірімнің мұрнын сындырған Ақтөбе тұрғыны сот залында қамауға алынды

    Мешіт
    Мешіт. Видеодан кадр: diapazon.kz

    Ақтөбеде мешітте жасөспірімдерді ұрды деп айыпталған 38 жастағы ер адам сотталды. Ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға 20 ақпанда болған. Рамазан айы кезінде үш жасөспірім "Нұр Ғасыр" мешітіне намаз оқуға келген.

    Кейін олар аялдамаға бет алған, бірақ сөмкелерін ұмытып кеткендіктен қайта оралуға мәжбүр болған.

    Мешіттің кіреберісіндегі аяқ киім шешетін орында 16 жастағы жәбірленушінің досы оның аяқ киіміне ұқсас кроссовкиді көріп, оны мұқият зерттей бастаған.

    Балаларды аяқ киім ұрламақ болды деп ойлаған бейтаныс ер адам оларға айқайлап, жәбірленушінің досын жұдырықпен ұрған.

    Жәбірленуші досын қорғамақ болып, ер адамды итермек болған, бірақ әлгі адам оған тап берген. Оның бетінен ұрып, еденге құлатқан соң, басынан тебе бастаған.

    Салдарынан жасөспірім миы шайқалып, бас сүйегінің жабық жарақатын және ми жарақатын алып, мұрын сүйегі сынған күйі ауруханаға түсті.

    Күдікті көп ұзамай ұсталды. Іс сотқа жетті. Қазақстан Қылмыстық кодексінің екі бабы ("Бұзақылық" және "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша айыпталған сотталушы тергеу барысында кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдіріп, жәбірленушілерден кешірім сұрады.

    Ол қарт ата-анасын бағып отырған жалғыз асыраушы екенін айтты. Үкім шыққанға дейін ол үйқамақта болған.

    31 шілдеде Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамға үкім шығарды. Ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

    Сонымен қатар ол жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 3 млн теңге төлеуге тиіс.

    Сотталушы сот залында қамауға алынды.

    Мешітте жасөспірімнің мұрнын сындырған Ақтөбе тұрғыны сот залында қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.