jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    3,5 млрд теңге шығын, 36 қылмыстық іс: МӘМС жүйесінен қаржы жымқырудың бірнеше дерегі анықталды

    тергеу амалдары
    Тергеу амалдары. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Қаржылық мониторинг агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады. Ведомство мәліметінше, шамамен 140 мың азамат медициналық ұйымдарға жалған тіркелген және деректер қорына көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәлімет енгізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, осы деректер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.

    Мәселен Түркістан облысында Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

    Тергеу мәліметіне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында бөлінген қаражат іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген әрі тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшоттарына аударылған.

    Кәсіпкерлер медициналық мекемемен ешқандай шарт жасаспаған. Ал олардың деректемелері ақшаны заңсыз шығарып, кейін қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылған.

    Мемлекетке келтірілген шығын 501 млн теңгеден асты. Екі күдікті қамауға алынды.

    Астанада Forte Clinic ЖШС жеке клиникасының басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу схемасын ұйымдастырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы – Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қызметкері азаматтарды тіркеуге қатысты өтінімдерді заңсыз мақұлдағаны үшін 3 жылға сотталды.

    Қылмыстық схема нәтижесінде клиникаға 15 мыңнан астам азамат заңсыз тіркелген. Сонымен қатар Damu Med ақпараттық жүйесі арқылы 79 млн теңгенің жалған медициналық қызметі рәсімделген.

    Алматы облысында Mydental.kz ЖШС мен "Стоматология Dr. Nurzhanova" ЖШС клиникаларының басшысы стоматологиялық қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Шын мәнінде пациенттерге ешқандай қызмет көрсетілмеген. Ал құжаттарды рәсімдеу үшін дәрігерлердің тіркелгі жазбалары мен кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректері пайдаланылған.

    Нәтижесінде жалған медициналық қызмет көрсетудің 4,5 мыңнан астам дерегі анықталып, мемлекетке 66 млн теңге шығын келтірілген.

    3,5 млрд теңге шығын, 36 қылмыстық іс: МӘМС жүйесінен қаржы жымқырудың бірнеше дерегі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.