TikTok-та тікелей эфир кезінде бейәдеп сөз қолданған Ақтау тұрғыны жазаланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
TikTok-та тікелей эфир кезінде бейәдеп сөз айтқан ақтаулық тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтауда 44 жастағы жергілікті тұрғын TikTok-тағы тікелей эфир кезінде өзге желі қолданушысын балағаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері трансляция жазбасын желіге мониторинг жүргізу барысында анықтаған.
12 шілдеде жарияланған видеода әйел адам бейәдеп сөз қолданған, осылайша ол қоғамдық тәртіпті бұзған деп танылды. Тексеру барысында жазба авторының аты-жөні анықталды. Ақтау тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
"Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды", - деп хабарлады полиция өкілі.
Ведомство өкілдері интернетте, соның ішінде тікелей эфирде заңсыз контент жариялау қолданушыларды жауапкершіліктен босатпайтынын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2407490-tiktok-ta-tikelei-efir-kezinde-beiadep-soz-qoldangan-aqtau-turgyny-zhazalandy/
