jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Өткен айда 150 тоннадан астам жанар-жағармай шетелге заңсыз өткізілмек болған

    жанармай
    Жанар-жағармай. Көрнекі фото: Hammerschmidt/picture alliance via Getty Images

    ҰҚК Шекара қызметі өткен айда ведомство қызметкерлері анықтаған заң бұзушылықтар туралы мәліметті жариялады. 5000-ға жуық адам ұсталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҰҚК Шекара қызметі шілдеде құзырлы органдармен бірлесіп, шекара кеңістігінде 4 975 Қазақстан заңнамаларын бұзған 4975 адамды ұстады, соның ішінде 4 346-сы – шетел азаматтары.

    Ведомство мәліметінше, жалпы сомасы 3,9 млрд теңге болатын тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің алды алынды.

    Оның ішінде:

    • 39 факті – есірткі заттары;
    • 88 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (108 дана суық қару, 2131 дана оқ-дәрі);
    • 1 808 факті – көлемі 150 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары, жалпы сомасы 33,4 млн теңге;
    • 392 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
    • 149 факті – сомасы шамамен 2,1 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

    Ал Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды, 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Шығын сомасы 251 млн теңгеден астам болар еді.

    Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын жүргізіп жатыр.Сондай-ақ 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте.

    Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.

    Өткен айда 150 тоннадан астам жанар-жағармай шетелге заңсыз өткізілмек болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.