jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ҰҚК Астананың көші-қон қызметі бастығының орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады

    үстелдің үстінде жатқан папка
    Папка. Иллюстрациялық фото: polisia.kz

    Желіде Астана полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат тарады. ҰҚК тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жақында Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында Астана полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваның ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Жарияланымда оның заңсыз көші-қонды ұйымдастыру ісі бойынша изоляторға қамалғаны айтылған.

    NUR.KZ тілшісі пікір алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінді.

    "Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жауап берді ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ істің нақты қай бап бойынша тергеліп жатқаны да хабарланбады.

    ҰҚК Астананың көші-қон қызметі бастығының орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram