Жамбыл облысында ер адамды атып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жамбыл облысында ер адам оққа ұшты. Қайғылы оқиға 1 тамызда түнгі сағат 3 шамасында Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Луговой ауылында болған. Полиция қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Туыстарының айтуынша, қылмысқа аудандағы қылмыстық топ мүшелерінің қатысы болуы мүмкін. Марқұмның қарындасының сөзінше, күдіктілердің жасы 22-де", - деп жазады Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасы.
Сондай-ақ отбасы қайғылы оқиғаға дейін ер адамға бірнеше рет қоқан-лоқы жасалғанын айтады. Марқұмның жақындары істі объективті әрі жан-жақты тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Жазбада марқұмның артында әйелі, ұлы мен қыздары қалғаны, қарт ата-анасы жалғыз ұлынан айырылғаны айтылған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұл факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстық істі жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі
Полиция тергеу мүддесі үшін ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайтынын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2407609-zhambyl-oblysynda-er-adamdy-atyp-ketti/
