Шымкентте ерлі-зайыпты ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкентте ерлі-зайыпты ұсталды. Қарағандылық жұп есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ақпараттық медиапорталы хабарлағандай, Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі тасымалдады деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстаған.
"Қарағанды қаласының 48 жастағы тұрғыны мен оның 37 жастағы жұбайы жеке автокөлікпен синтетикалық есірткінің ірі партияларын Алматыдан Шымкент қаласына жеткізіп, оларды еліміздің оңтүстік өңірлерінде одан әрі таратуды көздеген.
Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан жалпы салмағы екі келіге жуық мефедрон салынған, герметикалық түрде қапталған төрт орама табылды", - деп мәлімдеді ІІМ өкілі.
Күдіктілердің телефондарын тексеру кезінде интернет-есірткі дүкенінің кураторымен жазысқан хат-хабарлары табылған.
"Сол арқылы олар есірткіні тасымалдауға қатысты тапсырмалар алып отырған. Сондай-ақ жасалған есірткі қылмыстары үшін криптовалюта арқылы төленген сыйақылар туралы мәліметтер табылды.
Қамқорлығында кәмелетке толмаған үш баласының болуына қарамастан ерлі-зайыпты заңсыз табыс табу жолын саналы түрде таңдаған.
Жауап алу барысында ұсталғандар кінәларын толық мойындады. Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның каннабис тобына жататын есірткі заттарын пайдаланғаны расталды", - деді ІІМ өкілі.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2407612-shymkentte-erli-zaiypty-ustaldy/
