"Үш жасөспірім отырған": Алматыда кәмелетке толмаған қыз есірткі таратты деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:

Алматының Медеу ауданында полиция қызметкерлері ішінде үш жасөспірім қыз отырған таксиді тоқтатқан. Жедел мәліметтерге сәйкес, олардың бірі есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Тінту кезінде күдіктіден көптеген түйіншек тәркіленіп, ішінен өсімдік тектес заттар мен алдын ала мәлімет бойынша кристалл түріндегі синтетикалық есірткі табылған. Қалған екі қыздың әрекетке қатысы бар-жоғы анықталуда.
"Қазіргі уақытта полицейлер жасөспірімді қылмыстық әрекетке кімнің тартқанын, есірткінің жеткізу арнасын және заңсыз схеманы ұйымдастырушыларды анықтап жатыр. Сонымен қатар кәмелетке толмаған қыздың мұндай жолға түсуіне не себеп болғаны, ата-анасының бақылауы мен тәрбиесіне қатысты жағдайлар жан жақты зерделенуде", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2407814-ush-zhasospirim-otyrgan-almatyda-kameletke-tolmagan-qyz-esirtki-taratty-degen-kudikke-ilindi/
