jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Зорлаймын деп қорқытқан": Ақтауда бойжеткенге шабуылдаған ер адам ұсталды (видео)

    Бойжеткенше тап берген ер адам
    Бойжеткенше тап берген ер адам. Кадр: instagram.com/112_aktau

    Ақтауда бойжеткенге күш көрсетіп, "зорлаймын" деп қорқытқан ер адам ұсталды. Бұл оқиға тапа-тал түсте теңіз жағалауында болған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Әлеуметтік желіде тараған бейнероликте бойжеткенді ер адамның күштеп ұстап тұрғанын байқауға болады. Жанжал кезінде ер адам тіпті зорлауға дейін баратынын айтып тұр.

    Бойжеткен қарсылық білдіріп, босап шығуына сол маңнан өтіп бара жатқандар көмектескен. Одан әрі жол бойымен қашқан бойжеткенді ер адам жартылай жалаңаштанып қуады.

    Көлік жүргізушілерінің бірі қызды автокөлігіне отырғызып, қауіпсіз жерге алып кеткен. Ақтаулық тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, "кім екенін анықтадық" деп отыр.

    "Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық азаматты анықтап, ұстады. Олар Ақтау қаласы полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Маңғыстау облысы ПД ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    "Зорлаймын деп қорқытқан": Ақтауда бойжеткенге шабуылдаған ер адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.