ҰҚК есірткі жеткізудің 33 халықаралық арнасын жойды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері Қазақстанда есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ҰҚК-ның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, жыл басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасы жойылған, үш жасырын зертхананың қызметіне тосқауыл қойылған.
"Барлығы 3,2 кг героин, 8 кг метамфетамин, 70,6 кг апиын, 129,7 кг гашиш, 16 кг гашиш майы, 282 кг марихуана, 156,5 кг қарасора, 56,4 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл барысында есірткіге қарсы 21 халықаралық операция жүргізілген.
Бұл құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 114 азаматы және 7 шетелдік ұсталған.
Сондай-ақ шекаралас мемлекеттердің аумағында халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысының жолы кесілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2408026-uqk-esirtki-zhetkizuding-33-halyqaralyq-arnasyn-zhoidy/
