jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-да титан құймасын ұрлау ісі бойынша соңғы күдікті 10 жылдан кейін ұсталды

    Титан құймасы
    Титан құймасы. Фото: ШҚО ПД

    ШҚО полицейлері құны 31 миллион теңгеден асатын титан құймасын ұрлау ісі бойынша соңғы күдіктіні 10 жылдан кейін ұстады, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда Өскемен қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері көп тонналық титан құймасын ұрлауға қатысты қылмыстық істің соңғы фигуранты – 63 жастағы ер адамды ұстаған.

    "Бұл қылмыстың тарихы 2015 жылы басталған болатын. Сол кезде Өскемен қаласындағы кәсіпорындардың бірінің жұмысшылары қымбат тұратын шикізатты жымқыру схемасын ойлап тапқан. Қылмыстық қолсұғушылық нысаны салмағы 9 370 килограмм, ал құны 31 миллион теңгеден асатын титан құймасы болды.

    Қызметтік жағдайын пайдаланған қаскүнемдер күзет қызметкерлерімен сөз байласып, көп тонналық жүкті кәсіпорын аумағынан бақылау-өткізу пункті арқылы шығарған. Ұрланған мүлікті жасыру үшін құйманы автокөлік кузовына салып, үстін матамен жауып, оның сыртына технологиялық және тұрмыстық қоқыс үйіп тастаған. Кейіннен металл басқа біреулерге сатылып кеткен", - делінген хабарламада.

    кәсіпорын
    Кәсіпорын. Фото: ШҚО ПД

    Сол кезде тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыстық схемаға қатысқан барлық адамды анықтаған. Ұрланған мүлік табылып, тәркіленіп, фигуранттар заң алдында жауапқа тартылған. Алайда олардың бірі жасырынып үлгеріп, оған халықаралық іздеуге жарияланған.

    Десе де криминалдық полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау жұмыстарын бір сәтке де тоқтатпаған. Іздеу салынған азаматтың болуы мүмкін орындар, байланыстары мен түскен жедел ақпараттар мұқият тексеріліп отырған.

    10 жыл өткен соң ер адам Алматы қаласынан табылған. Қазіргі уақытта 63 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Әрі қарай процессуалдық шешім заңда белгіленген тәртіппен қабылданады.

    ШҚО-да титан құймасын ұрлау ісі бойынша соңғы күдікті 10 жылдан кейін ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.