jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Неге сөзіңізде тұрмадыңыз": Нұрай Серікбайдың әкесі сотта ашуға ерік берді

    Сотталушы Шерхан Аймахан
    Сотталушы Шерхан Аймахан. Кадр: "Алматы" арнасы

    Марқұм Нұрай Серікбайдың әкесі сотта эмоциясын жасыра алмай, сотталушының әкесіне қатқыл үн қатты. Ол қызын алып қашып кеткеннен кейін сотталушының әкесі ұлына ықпал етемін деп уәде бергенін, бірақ оны орындамағанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

    Бауыржан Сағымбек Нұрайды алып қашу әрекетінен кейін жанжалды бейбіт жолмен шешуге бірнеше рет тырысқанын мәлімдеді. Ол сотталушының туыстарынан ұлымен сөйлесіп, мұндай жағдайдың қайталанбауын сұраған.

    Кісі қолынан қаза тапқан қыздың әкесі жігіттің отбасы мұндай жағдай енді қайталанбайтынына сендіргенін, алайда қайғылы жағдай бірнеше айдан кейін болғанын атап өтті.

    Бауыржан Сағымбек сотталушының әкесіне үн қатты.

    "Ұлыңызға ықпал етемін деп айтпап па едіңіз? Неге сөзіңізде тұрмадыңыз?" - деді ол.

    Бұған сотталушының әкесі ұлының ісіне араласпайтынын айтып жауап берді.

    Сонда Бауыржан Сағымбек ашуға ерік берді.

    "Ұят қайда?! Ар-ұжданнан жұрдай" - деп эмоционалды түрде жауап қатты.

    Сондай-ақ марқұм қыздың әкесі сотталушының еш жерде жұмыс істемегенін, ата-анасы оны толық қамтамасыз етіп отырғанын, қызға баруы үшін көлік те бергенін айтты. Енді, ер адамның айтуынша, сотталушының туыстары оны қорғап, ештеңе болмағандай кейіп танытып отыр.

    "Неге сөзіңізде тұрмадыңыз": Нұрай Серікбайдың әкесі сотта ашуға ерік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.