jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Балаларға тегін балмұздақ таратқан ақтаулық кәсіпкер айыппұл арқалады

    Балмұздақ
    Балмұздақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтаулық кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратамын деп айыппұл арқалады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 1 тамызда 14-шағынауданда орналасқан кәсіпкерлік нысандардың бірінде болған. Сауда орнының ашылуына орай кәсіпкер балаларға тегін 50 балмұздақ пен 30 йогурт үлестірген.

    "Алайда мұндай акцияны өткізер алдында жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алу қажет", - дейді қала әкімдігі.

    Осы талап сақталмағандықтан, кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

    Қала әкімдігі кәсіпкерлердің мұндай бастамасына қарсылығы жоқ. Алайда тегін өнім тарату қолданыстағы заңнама талаптарына сай ұйымдастырылуы керек екенін жеткізді.

    "Осындай іс-шараларды өткізер алдында жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсатын алу қажет. Сондай-ақ балаларды қуанту үшін қауіпсіз әрі заңды тәсілдерді қарастырған жөн. Өйткені мұндай акциялар кезінде адамдардың жаппай жиналуы түрлі қолайсыз жағдайларға себеп болуы мүмкін", — деп мәлімдеді қала әкімдігі.

    Балаларға тегін балмұздақ таратқан ақтаулық кәсіпкер айыппұл арқалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.