jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Кешірім де сұрамады": Алматы облысында қабаған иттерге таланған балаға қатысты сот өтіп жатыр

    Зардап шеккен бала
    Зардап шеккен бала. Кадр: "КТК" арнасы

    Алматы облысында қабаған иттерге таланып, сан еті мен құлағынан айырылған он бір жасар балаға қатысты сот жалғасуда. Күдікті деп танылған оңалту орталығының қожайыны өзін кінәлі санамайды. "Оқиға менің қоршауымның ішінде болды" деуде. Ал жантүршігерлік жайттан ауыр жарақат алған Максим арада бір жыл өтсе де толық жазылмаған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Қабаған иттерге аяусыз таланған Максимге қатысты кезекті сот отырысы өтті. Күдікті ретінде жануарлардың иесі танылған. Алайда ол өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Тіпті баланы құтқару кезінде өлтірілген иттерін "әлі күшік еді" деп ақтаумен әлек.

    "Жалпы, маған тағылған айыппен келіспеймін. Оқиға болған кезде бір жасөспірім келіп, Максимді қоршаудан Илья итеріп жібергенін айтты. Түсінесіз бе? Мұның бәрі біздің аумақта болды, стадионда емес. Жолдан өтіп бара жатқан адам пышақтап кеткен екі күшік мұндай жарақаттарды физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да салуға қабілетті емес", - дейді күдікті.

    Оқиға осыдан тура бір жыл бұрын Алматы облысында болған. Достарымен бірге футбол ойнауға кеткен 11 жасар оқушыны жеке аумақтан шығып кеткен үш ит оңдырмай талаған. Соның салдарынан сан еті мен құлағынан айырылған жеткіншек әлі емделіп жүр. Қажет қаржының жоқтығынан, оған тиісті ота да жасалмаған.

    "Міндетті түрде жасалатын отаға, өкінішке қарай, жәбірленуші тарапта ақша жоқ болғандықтан, үш отаны өткізіп алдық. Сол отаны жасау үшін қазір материалдық залалды өндіру талап‑арызын беріп отырмыз. Ота әлі жасалынбады", - дейді заңгер Арман Шәріпов.

    "Айдың-күннің аманында баламды денсаулығынан айырды" деген ана иттердің иесі "қатаң жазаланса" дейді. Себебі күдікті осы күнге дейін бірде-бір рет кешірім сұрап келмепті.

    Максимнің еміне 4 миллион теңгеден аса қаржы кеткендіктен, алдағы уақытта жәбірленуші тарап бар шығынды өтеп алуды көздеп отыр.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    "Кешірім де сұрамады": Алматы облысында қабаған иттерге таланған балаға қатысты сот өтіп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.