jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тараз тұрғыны дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды

    дрифт
    Түнгі дрифт. Видеодан кадр: Тараз полициясы

    Түнгі уақытта бейнебақылау камераларының біріне BMW автокөлігімен қауіпті дрифт жасау дерегі тіркелді. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала полициясына сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін ол сот шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

    "Бұл Таразда дрифт жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған алғашқы жағдай емес. Осындай әрбір құқық бұзушылық полицияның ерекше бақылауында. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарында дрифт жасау және жол қозғалысына қауіп төндіретін өзге де қауіпті маневрлер жасау заңнамада көзделген жауапкершілікке, оның ішінде әкімшілік қамауға әкеп соғады", - делінген хабарламада.

    Тараз тұрғыны дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.