Өскеменде прокурорлар 25 мекеме жасөспірімдерді заңсыз жұмысқа жеккенін анықтады
Жарияланған күні:

Өскеменде прокурорлар қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерде арнайы рейд өткізді. Нәтижесінде 25 кәсіпкерлік субъектісінде жасөспірімдер еңбек келісімшартынсыз және уақыт есебінсіз жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, заң бұзған жұмыс берушілер 300 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл арқалады.
Ал өндірісте жазатайым оқиғаға жол берген кәсіпкерге одан да қатаң санкциялар қолданылады. Құрылыс материалдары зауытында жасөспірім ауыр жарақат алып, қолынан айырылған. Зардап шеккен баламен еңбек шарты жасалмаған болып шықты.
"Бүгінгі таңда міне, облыстық прокуратурамен және де еңбек инспекциясымен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – кәмелетке толмаған жастардың өз құқықтарын білуді қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыс берушілердің осы заң талабын қатаң сақтауы. Өйткені жастардың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұрады", - дейді Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Бақытжан Ерболқызы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2408492-oskemende-prokurorlar-25-mekeme-zhasospirimderdi-zangsyz-zhumysqa-zhekkenin-anyqtady/
