jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бурабайда кәуап пісірген туристер жазаланды

    кәуап
    Кәуап. Көрнекі фото: pixabay.com

    "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары кезекті рейдтік іс-шаралар барысында орман алқабында кәуап дайындау үшін от жаққан туристерді анықтады. Оларға айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық табиғи парктің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қаупінің жоғары деңгейіне және қолданыстағы шектеулерге қарамастан, орманға келушілер өрт қауіпсіздігі талаптарын елемей жүр.

    Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған демалушыларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді, оған сәйкес туристерге 100 АЕК (432 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

    Кезекті рейдтердің қорытындысы бойынша мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жалпы саны 15 дерегін анықтады.

    Тексеру барысында автокөліктердің жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан орман алқабына шығуының 6 дерегі, су айдындарының жағалау аймағына шығуының 7 дерегі, сондай-ақ палаткаларды арнайы белгіленбеген орындарға тігу фактілері тіркелді.

    Одан бөлек ұлттық парк үшін өзекті мәселелердің бірі – демалушылардың қалдырып кететін қоқыс көлемінің көптігі екені ерекше атап өтілген.

    "2026 жылдың алғашқы жеті айында ғана "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында келушілер 2 850 текше метр қатты тұрмыстық қалдық қалдырған. Бұл көлемі 50 литр болатын шамамен 57 мың қап қоқысқа тең", - делінген хабарламада.

    Бурабайда кәуап пісірген туристер жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.