jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Атырауда ұлын алты рет пышақтаған ер адамға шартты жаза тағайындалды

    Пышақ ұстаған жігіт
    Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Атырауда ұлын алты рет пышақтаған ер адамға 3 жыл шартты жаза тағайындалды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Сот барысында 57 жастағы азамат айыпты толық мойындаған. Оқиға қала маңындағы Томарлы ауылында сәуір айында болған.

    Анықталғандай, ұлы тойдан келіп, масаң күйде ұйықтап жатқан әкесінің үстіне отырып алып, тұншықтыра бастайды. Ұлының әрекетіне ашуланған әкесі қорғану мақсатында ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.

    Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ұлы іш тұсынан бір, арқасынан 5 рет пышақ жарақатын алғаны анықталған. Оқиғадан кейін әкесі мен баласы татуласқан. Ұлы жанжалды өзі бастағанын мойындап отыр.

    Сот ер адамға 3 жыл мерзімге шартты жаза тағайындап, сот залынан босатты.

    Атырауда ұлын алты рет пышақтаған ер адамға шартты жаза тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.