jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Оралда туысының алтын әшекейлерін үптеген ұры ұсталды

    Құжат толтырып отырған полицей
    Құжат толтырып отырған полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Орал қаласының тұрғыны құны бір миллион теңгеге жуықтайтын алтын бұйымдарын жоғалтып алды. Бір қызығы, ұры алыстан келмеген екен, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Алтын ұрлаған баукеспе жәбірленушінің бауыры болып шықты. Полиция дерегінше, ол туысының үйіне қонаққа келіп, көзіне түскен алтын әшекейлерді қалтасына сүңгітіпті. Кейін өз олжасын ломбардқа өткізген. Мұнымен шектелмеген ол, туысының үйіне тағы да ұрлыққа түседі. Бірақ бұл жолы оны полиция бірден ұстады. Алтынға қызығып, туыстық жолдан тайған күдіктінің тағдырын енді сот шешеді.

    "Қылмыстық іс бойынша барлық заттай дәлелдеме тәркіленді. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 900 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - БҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Алима Ғарифуллина.

    Оралда туысының алтын әшекейлерін үптеген ұры ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.