jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қызылордада жалпы сомасы 12 млн теңге алиментті төлеуден жалтарған адам сотталды

    сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Қызылорда облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Облыс прокуратурасы биыл алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарған борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 32 қылмыстық іс тіркеді.

    Алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 600 (алты жүз) сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    Аталған қылмыстық істер бойынша 12 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылып, 5 қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды және 3 қылмыстық іс сотта қаралуда, қалған 12 іс қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде.

    Мысалы, борышкер Ж.А. 2023 жылдан бастап жиналған 12 млн теңге алимент берешегін төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 20.05.2026 жылғы үкімімен бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

    Облыс прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және алиментті төлеу жөніндегі міндеттерін уақытылы орындауға шақырады.

    Қызылордада жалпы сомасы 12 млн теңге алиментті төлеуден жалтарған адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.