jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ШҚО-да іздеудегі сотталған адам анасымен дастархан басында отырған жерінде ұсталды

    кісен ұстап тұрған полицей
    Кісен. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    ШҚО-да іздеуде жүрген сотталған адам анасының үйінде дастархан басында отырған жерінде ұсталды. Оның қайда екенін анықтауға цифрлық пробация жүйесі мүмкіндік берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған пробациялық бақылау талаптарын бірнеше рет бұзған. Ол тіркеуге келмей, тұрғылықты мекенжайында да болмай, пробация қызметкерлерінің бақылауынан жалтарған.

    Осыған байланысты пробация қызметі оның жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысты сотқа жолдаған. Алайда сот отырысында өзін жайсыз сезінетінін айтып, істі кейінге қалдыруды сұрайды. Сот өтінішін қанағаттандырған. Алайда сотталған ер адам осы уақытты пайдаланып, бой тасалап кеткен.

    Алғашқы іздестіру шаралары нәтиже бермеген соң оған ресми түрде іздеу жарияланып, жазаны өтеу мерзімінің есебі тоқтатылды.

    Тіпті сол уақыт аралығында әкесі дүниеден өтсе де, іздеудегі азамат жерлеу рәсіміне келмей, жасырынып жүре берген.

    Іздестіруде цифрлық пробацияның мүмкіндіктері шешуші болды. Іздеуде жүрген азаматтың ұялы телефонынан жасалған қоңырау тіркеліп, цифрлық бақылау жүйесі оның жүрген жерін анықтады.

    Пробация қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп көрсетілген мекенжайға дереу барды. Қашып кетуіне жол бермеу үшін олар үйге бір мезгілде негізгі және қосалқы кіреберіс арқылы кірді.

    Сол сәтте іздеуде жүрген азамат анасымен дастархан басында тамақтанып отырған. Сотталған ер адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    ұстау
    Ұсталған адам. Фото: ШҚО ҚАЖД

    Алдағы уақытта сот оның пробациялық бақылау түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесін қарайды.

    "Пробациялық бақылау – бұл сотталған адамға қоғамнан оқшауланбай түзелуге берілетін мүмкіндік. Алайда заң талаптарын жүйелі түрде бұзу, бақылаудан жалтару және жасырыну мұндай мүмкіндіктен айырады. Бүгінде цифрлық технологиялар пробация қызметінің жұмысын жаңа деңгейге шығарып, іздеуде жүрген адамдардың жүрген жерін жедел анықтауға мүмкіндік береді. Ал полициямен бірлескен жұмыс сот шешімдерінің бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді", - дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

    ШҚО-да іздеудегі сотталған адам анасымен дастархан басында отырған жерінде ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.