jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада бір түнде 170-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілді

    Полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бас прокуратура балалардың құқығын қорғаудың жаңа тәсілдерін енгізуде. Бұл жүйе тәуекел тобына жататын балаларды дер кезінде анықтап, құқық бұзушылық жасалғанға дейін қажетті алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Бас Прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде кәмелетке толмағандардың цифрлық профилактикалық картасын қалыптастыруды көздейтін "Саналы ұрпақ" жобасы іске асырылуда.

    Жүйе алғаш рет Астанадағы үш колледжде сынақтан өткізілді. Талдау нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың негізгі себептері анықталды. Олардың қатарында білім алу мақсатындағы көші-қон, кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке уақытылы қоймау және ата-аналардың бақылауының жеткіліксіздігі бар. Үш оқу орнында ғана тіркеусіз тұрып, іс жүзінде мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалған 45 студент анықталды.

    "Сонымен қатар елордадағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінде жүргізілген профилактикалық рейд барысында 171 кәмелетке толмаған жас анықталды.

    Олардың ішінде 108-і мектеп оқушысы, 63-і колледж студенті. Барлығы полиция органдарына жеткізіліп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, ал мекеме қызметі тоқтатылды", - делінген хабарламада.

    Профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері Бас прокуратурада Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметінің бастығы Дәулет Ақылбековтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте талқыланды.

    Кеңес барысында елімізде жасөспірімдер қылмысының деңгейі 5 пайызға төмендегені (1 110-нан 1 061-ге дейін) атап өтілді. Жыл басынан бері 6 мыңнан астам профилактикалық рейд жүргізіліп, шамамен 2 мың кәмелетке толмаған профилактикалық есепке алынды, олардың әрқайсысымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілуде.

    Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа ықпал ететін факторлар әлі де сақталуда. Олардың қатарында интернетті бақылаусыз пайдалану, ата-аналардың жеткіліксіз бақылауы, білім алу мақсатындағы көші-қон, сондай-ақ тәуекел тобына жататын жасөспірімдерді уақытылы анықтамау бар.

    Астанада бір түнде 170-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.