jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырау тұрғыны балабақшада баласы қорлық көргенін мәлімдеді

    балабақша
    Балабақша. Көрнекі фото: pexels.com

    Атырауда бір жасар баланың анасы жекеменшік балабақшада баласына қорлық көрсетілгенін айтып шағымданды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

    Анасының айтуынша, ол ұлының денесінен тәрбиешілердің әрекетінен пайда болуы мүмкін іздерді байқаған. Басылым тілшісінің хабарлауынша, бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар оның күдігін растаған . Әйелдің айтуынша, содан кейін ол полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

    Атырау облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар деп танылған барлық тұлға полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, өзге мәліметтер жарияланбайды.

    Қалалық білім басқармасы аталған балабақшаның жекеменшік екенін және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмыс істемейтінін мәлім етті.

    Атырау тұрғыны балабақшада баласы қорлық көргенін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.