jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Ешкім араша түспеген": Павлодар тұрғыны аяусыз соққыға жығылды

    Ұрып-соғу
    Ұрып-соғу. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Павлодарда аулада тұрғынды аяусыз соққыға жыққан жігіттің әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр. Зардап шегушіні алдымен бірнеше адам жабылып сұлатқаннан кейін, қылмыскер онсыз да қан-жоса болған жігітті аяқ-қолы талғанша соққының астына алған. Бүгінде күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Телеарна мәліметінше, видеодан оқиға кезінде жігіттердің арасында бір бойжеткен араша түсіп жүргенін байқауға болады. Аулада екі адам жабылып, бір жігітті сұлатады. Кейін оны бір ер адам аяусыз тепкінің астына алады. Құлаштап ұрып, жүгіріп келіп те, секіріп те теуіп жүр. Зардап шегуші есінен танып, соққы мен тепкіні сезіп те жатқан жоқ.

    Қылмыскер ұрып шаршағанда, оқиға орнынан кеткендей болған. Бірақ айналып келіп, соққысын тағы қайталайды. Сол маңнан өтіп жатқандардың біреуі де араша түспеген. Дегенмен ауыр соққы алған жігіт сәлден соң тәлтіректеп тұрып, өз жөніне кетті. Полиция күдіктіні анықтап, тергеу абақтысына қамаған жеткізді, басқа мәлімет бермеді.

    Дереккөз: КТК арнасы

    "Ешкім араша түспеген": Павлодар тұрғыны аяусыз соққыға жығылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.