jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Оралда әдепті ұмытқан әкімдер жазаға тартылды

    Шенеунік11
    Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Батыс Қазақстан облысында балағат сөз айтқыш әкімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Ашуын тұрғындардан алатын мемлекеттік қызметшілер әдепті ұмытып жатыр. Мысалы, Бөкейордасы ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы ауыл тұрғынымен сөйлескенде балағат сөздер айтыпты. Ал Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі ауылдасын "жұмыссыз қаласың" деп қорқытып, қоқан-лоқы жасаған.

    Шенеуніктердің бірі ескертумен құтылса, балағат сөз айтқаны қатаң сөгіс алды. Биыл өңірде 12 лауазым иесі осындай теріс қылығымен көзге түсіпті. Дегенмен Әдеп кеңесінің өкілдері облыста 3500-дей мемлекеттік қызметші бар, ал тәртіп бұзғандар олардың 1 пайызына да жетпейді, деп айтып отыр.

    "Мемлекеттік қызметшілердің тарапынан айта кететін жағдай, әдеп нормаларын сақтамау фактілері кездеседі. Эмоцияға берілуі мүмкін, мен оларды ақтамаймын. Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс кезде де, жұмыс уақытында да кез келген азамат пен өзінің қызметкерлеріне міндетті түрде сыпайылықты қамтамасыз ете отырып, өзінің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуі керек", - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚОД басшысы Мұрат Байсалов.

    Оралда әдепті ұмытқан әкімдер жазаға тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.