Жаңаөзен тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфирден кейін қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысында TikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз қолданып сөйлегені үшін құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 2026 жылғы 3 тамызда Жаңаөзен қаласының 34 жастағы тұрғыны TikTok желісіндегі парақшасында тікелей эфир кезінде жария түрде бейәдеп сөз айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқанын анықтаған. Полиция мәліметінше, ол осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған.
Аталған факті бойынша 4 тамызда құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 2-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
6 тамызда Жаңаөзен қалалық сотының қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот шешімі шыққаннан кейін ол арнайы қабылдау орнына қамалды.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті әлеуметтік желі заң аясынан тыс қалатын кеңістік емес екенін еске салды.
"Көпшілік алдында бейәдеп сөз қолданып сөйлеу, әдепсіз мінез-құлық және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік бар .
Азаматтарды шынайы өмірде де, желіде де қоғамдық мінез-құлық нормаларын сақтауға шақырамыз", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Назар аударыңыз! Бейәдеп сөздер бар!
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2409649-zhangaozen-turgyny-tiktok-tagy-tikelei-efirden-keiin-qamauga-alyndy/
