jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қытайдан тауарларды заңсыз тасымалдаған": Алматыда ірі контрабанда схемасы әшкереленді

    кісен
    Кісен. Иллюстрациялық фото: James C Hooper/Getty Images

    Бас прокуратура экономикалық контрабандамен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚР Бас прокуратурасы Қытайдан Қазақстанға тауарларды экономикалық контрабандалық жолмен ұзақ уақыт бойы заңсыз тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын мәлім етті.

    "Тергеу барысында 37 компанияның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар "Metlink" және "Urban Green" компаниялары бойынша ғана мемлекетке келтірілген залалдың көлемі 2,7 млрд теңгеден асқаны анықталды.

    2026 жылғы 5 тамызда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-132-баптарына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1, 2-бөліктерінде (ұйымдасқан топты құру және оған басшылық ету, сондай-ақ оның қызметіне қатысу), 234-бабының 3-бөлігінің 2) тармағында (ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған экономикалық контрабанда) және 236-бабының 3-бөлігінде (ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматтары "Ш" және "А" ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    7 тамызда тергеу сотының қаулысымен аталған күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

    ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

    "Қытайдан тауарларды заңсыз тасымалдаған": Алматыда ірі контрабанда схемасы әшкереленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.