jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қайсар Қамзаға қатысты іс: тағы бір танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды

    Махмуд Хикматов
    Махмуд Хикматов. Фото: ҚМА баспасөз қызметі

    Қаржылық мониторинг агенттігі танымал өзбекстандық блогер Маха.dxb-ға (Махмуд Хикматов) халықаралық іздеу жариялады. Ведомство мәліметіне сүйенсек, ол Қайсар Қамзаны интернет-казиноларды жарнамалауға тартқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан Республикасының азаматы, 2000 жылғы 19 ақпанда туған Маха.dxb бүркеншік атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады.

    Сот оны қамауда ұстауға санкция берді.

    ҚМА ақпаратына сүйенсек, ол SultanGames, PINCO, Nomadcasino, Pin-Up, Vavada және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінді.

    "Қазақстан аумағында интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын тұрақты жүйе құрылған. Осы жүйе арқылы интернет-казино интерфейсі ұсынылып, ақша қабылдау және төлеу жолға қойылған. Ол үшін эквайринг, мобильді төлемдер мен криптовалюта пайдаланылған. Сондай-ақ ел азаматтарын құмар ойындарға көптеп тарту мақсатында жарнама таратылған", - делінген хабарламада.

    Интернет-казиноларды жарнамалау үшін ұйымдастырушылар блогер Хикматовты тартқан. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдар жариялату міндеті жүктелген.

    Агенттік мәліметінше, осы мақсатта Хикматов блогерлерден әлеуметтік желідегі парақшаларының статистикасын, соның ішінде жазылушыларының демографиялық және географиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ жарияланымдарының қанша адамды қамтитыны туралы мәліметтерді сұратқан. Жарнама ақысы осы деректерге қарай белгіленген. Ол барлығы 35-тен астам блогерді, оның ішінде блогер Қайсар Қамзаны тартқан.

    Тергеу нұсқасы бойынша аудиториясы ауқымды Қайсар Қамза интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға әдейі тартқан. Ол пайдаланушылардың әрбір өтуі үшін сыйақы алып отырған.

    Айта кетейік, Қайсар Қамза биыл 6 тамызда Вьетнамнан экстрадицияланды.

    Ведомство өкілдері іздеудегі адамның қайда жүргені туралы қандай да бір мәлімет білген адамнан Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауды сұрайды.

    Кезекші бөлім: +7 7172 70 84 78

    Сыйақы төленетініне және хабар берген адамның аты-жөні құпия сақталатынына кепілдік берілген.

    Қайсар Қамзаға қатысты іс: тағы бір танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.