Ақмола облысында әйелді өз пәтерінде пышақтап кетті деген күдікпен көршісі ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақмола облысында әйел адам өз пәтерінде пышақ жарақатын алған – ол қансырап жатқан күйі табылды. Полиция күдіктіні ұстады, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға туралы ақпарат Instagram желісіндегі Nayza Kokshe парақшасында жарияланды.
Зардап шеккен адамға көмек көрсету үшін полиция қызметкерлері есікті бұзуға мәжбүр болған.
Жазбада әйелдің есін жоғалтқаны және ішінен көптеген пышақ жарақатын алып, қан жоғалтқаны айтылған.
Сондай-ақ жарақатты көрші әйел салған болуы мүмкін екені және ол содан кейін пышақты өзімен бірге алып, есікті сыртынан құлыптап кеткені жазылған.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне адам өліміне әкеп соққан денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлімдеді полиция.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2410558-aqmola-oblysynda-aieldi-oz-paterinde-pyshaqtap-ketti-degen-kudikpen-korshisi-ustaldy/
