Қояндыдағы орталық жағажайда екі қыз суға батып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана маңындағы Қояндыда екі қыз суға батып кетті – қайғылы оқиға кеше, 10 тамызда болған. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Полиция өкілдері 10 тамызда Қоянды ауылында орналасқан су қоймасының орталық жағажайында екі кәмелетке толмаған қыздың суға батып кеткенін мәлімдеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2411104-qoiandydagy-ortalyq-zhagazhaida-eki-qyz-suga-batyp-ketti/
