Алматыда құрбыларына қонаққа кеткен 17 жастағы қыз 7 қабаттан құлап, көз жұмды
Жарияланған күні:

Алматыда жасөспірім жоғары қабаттан құлап, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол құрбыларына қонаққа келген. Куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Жасөспірім түнгі 3-тер шамасында тұрғын үйдің 7 ші қабатынан құлаған. Куәгерлердің сөзінше, алдымен айғайлаған дауыс естілген. Қыздың құлағанын сонан соң білдік дейді.
Куәгерлердің айтуынша, қыздың анасы мен жігіті дәл құлаған сәтінде келіпті. Екеуінің бірнеше мәрте айғайлап, жігіттің марқұмның құрбыларымен сөйлескенін көрдік дейді.
"Мына жерге жүгіріп, бір әйелдің өткенін көрдім, үлкен кісі. Артынан жас бала қатты айқайлады. Өте қатты жандауысы шықты. Тарс етіп ана қыз құлап, арқа бетімен бері қарай жатыр жерде, қан. Мамасы 2 секунд, 3 секунд өткесін артынан келіпті. Артынан жігіті келіпті. Жігіті екен жаңағы бала... Бір құрбысымен ұрсысып жүргенін естідім", - дейді куәгер Маржан Сарымышова.
Оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Наурызбай аудандық полиция басқармасы "Адам өлімі" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған жағдайдың себеп-салдары және мән-жайы анықталуда", - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұл қайғылы жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оқиғаның қалай болғаны туралы әркім әр түрлі болжам айтуда. Ал жас қыздың өліміне не себеп болғанын құзырлы орган анықтамақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2411432-almatyda-qurbylaryna-qonaqqa-ketken-17-zhastagy-qyz-7-qabattan-qulap-koz-zhumdy/
