jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Анасына пышақ жарақатын салды деген күдікті Вьетнамда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді

    Күдіктіні экстрадициялау
    Күдіктіні экстрадициялау. Видеодан кадр: ҚР Бас прокуратурасы

    Анасына пышақпен соққы жасады деп күдікке ілінген азамат Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, Вьетнамнан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматы экстрадицияланған.

    Ол былтыр қарашада өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасады деген күдікке ілінген.

    "Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Анасына пышақ жарақатын салды деген күдікті Вьетнамда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.