Алматыда жолда жанжал шықты: жүргізушіге қол жұмсаған адам ұсталды (видео)
Жарияланған күні:

Алматыда жолда жанжал туып, көлік жүргізушісі екінші көліктің жүргізушісіне күш қолданды. Оқиға видеоға түсіп қалып, полиция назарын аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"ІІМ жаңалықтары" арнасының хабарлауынша, желіге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Алматыда жүргізушілер арасында болған жанжал түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Жарияланған бейнекадрларда жанжалға қатысушылардың бірі екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.
Аталған факт бойынша дереу сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Полиция жолдағы кез келген жанжалды жағдайлар тек заң аясында шешілуге тиіс екенін еске салады. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2411795-almatyda-zholda-zhanzhal-shyqty-zhurgizushige-qol-zhumsagan-adam-ustaldy-video/
