Таразда балалар секіріп жүрген батут қатты желден әуеге көтеріліп, аударылып түсті
Жарияланған күні:

Таразда ойнап жүрген балалар оқыс жағдайға тап болды. Балалар секіріп жүрген кезде қатты желден батут орнынан қозғалып кетіп, әуеге көтерілген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Оқиға кезінде батуттың үстінде бірнеше бала болған. Желдің екпіні күшейген сәтте оның бір бөлігі көтеріліп, балалардың екеуі жерге құлап түскен. Сол маңдағы ересектер дереу көмекке келген.
Абырой болғанда, балалардың денсаулығына айтарлықтай зиян келмеген. Қазір оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.
Әкімдіктегілер батутты орнатқан кәсіпкерге және осы аумақтағы автотұрақ иесіне қатысты әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралып жатқанын айтты.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2411978-tarazda-balalar-sekirip-zhurgen-batut-qatty-zhelden-auege-koterilip-audarylyp-tusti/
