jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақмола облысында ауыл әкімінің планшеті жұмыс орнында ұрланған

    Мужчина держит в руках планшет
    Планшет. Фото: Thomas Trutschel/Photothek via Getty Images

    Ақмола облысында ауыл әкімі планшетін жоғалтып алған. Кейін оны әкімдік ғимаратына кірген біреу ұрлап кеткені анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Целиноград аудандық полициясына күдікті жас жігіт туралы ақпарат түскен. Ол жергілікті дәмханалардың біріндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

    "Күдікті ғимаратқа терезе арқылы кіріп, кейін ізін суытқан. Дәмхана иелері болған оқиға туралы дереу полицияға хабарлап, бейнежазбаны ұсынды.

    Бейнежазбада күдіктінің тек нобайы көрінгеніне қарамастан, сыртқы белгілері анықталды", - делінген хабарламада.

    Алынған бағдар патрульдік жасақтар мен учаскелік инспекторларға берілді. Іздеу шараларына полиция капитандары Н.Ж. Иманбеков пен Н.М. Маукен тартылды.

    11 тамызда патрульдік полиция қызметкерлері көшеден сипаттамаға сәйкес келетін 2004 жылғы жас жігітті байқады. Тексеру барысында одан планшет табылды.

    "Анықталғандай, құрылғы аудандағы ауылдардың бірінің әкімдік ғимаратынан ұрланған. Ауыл әкімі өз планшетін танып, оның бұрын жоғалғанын байқағанын, бірақ жоғалтып алдым деп ойлап, полицияға арызданбағанын айтты.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік инспекторлар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдіктінің аты-жөнін анықтады", - деп хабарлады полиция өкілдері.

    Ақмола облысында ауыл әкімінің планшеті жұмыс орнында ұрланған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.