jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкент тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне сұйықтық құйып, денсаулығына зиян келтірді деген күдікпен ұсталды

    аурухана
    Ауруханада жатқан әйел. Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің үстіне сұйықтық құйып, оған дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінді. Ол Алматыда ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2 тамызда Шымкент қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізілген. Әйел денесіндегі жарақаттарға шағымданған.

    "Оның бұрынғы күйеуі алдап кездесуге шақырып, әйелдің үстіне сұйықтық құйып, оқиға орнынан бой тасалаған", - дейді Шымкент қаласы ПД өкілі.

    Аталған дерек бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

    Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні Алматы қаласында ұстады.

    Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

    Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Шымкент тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне сұйықтық құйып, денсаулығына зиян келтірді деген күдікпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.