jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Мекке мен Мәдинаға қажылық: 37 адам 60 млн теңгесінен айырылды

    Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар
    Мекке қаласында қасиетті Қағбаны айналып жүрген адамдар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астананың екі тұрғыны 37 адамды Мекке мен Мәдинаға қажылыққа апаруға уәде беріп, жиналған 60 млн теңгені иемденіп кеткен. Сот оларды төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Прокуратура мәліметінше, Астананың екі тұрғыны Instagram желісінде Сауд Арабиясына қажылық сапарды ұйымдастыру туралы хабарландыру жариялаған. Олар ниет білдіргендерге Мекке мен Мәдинаға баруды ұсынған.

    "Алаяқтардың уәдесіне сенген 37 қажы сотталушыларға жалпы сомасы 60 млн теңге көлемінде қаражат берген", - делінген хабарламада.

    Алайда ұйымдастырушылар уәдесін орындамаған, олар түскен қаражатты өздері жұмсаған.

    "Сот үкімімен олардың әрқайсысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талабы қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген қадағалау органының мәлімдемесінде.

    Астана прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді тұлғаларға ақша бермеуге шақырды.

    Мекке мен Мәдинаға қажылық: 37 адам 60 млн теңгесінен айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.