"Аттракционнан ұшып кетті": Шымкенттегі саябақтардың бірінде оқыс оқиға болды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкенттегі саябақтардың бірінде батутта секіріп жатқан қыз аттракционнан ұшып кетті. Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Halyqstan.kz желілік басылымы Шымкенттегі саябақтардың аттракционнан ұшып кеткен қыздың видеосын жариялады. Кадрлардан қызды батутта секіртіп жатқанын көруге болады. Кенеттен серіппелердің бірі үзіліп, қыз бала аттракционнан ұшып түседі. Одан әрі бейнежазбада балағат сөздер естіледі және ересектердің қызды жұбатып жатқанын көруге болады.
"Шымкенттегі саябақта қыз аттракционнан ұшып кетті. Оқиға кешке болған. Отбасы балаларды саябаққа серуендетуге апарған, алайда соңында ауруханаға шұғыл баруға тура келді", - делінген жарияланымда.
NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
"Қаладағы аттракциондардың бірінде кәмелетке толмаған баланың дене жарақатын алуына әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция.
Назар аударыңыз: видеода балағат сөздер бар!
Посмотреть в Threads
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2412340-attraktsionnan-ushyp-ketti-shymkenttegi-saiabaqtardyng-birinde-oqys-oqiga-boldy-video/
