jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "15 млн қазақстандықтың дербес дерегі сатылымға шығарылды": ІІМ тексеріс қорытындысын жариялады

    деректер
    Деректер. Иллюстрациялық фото: CentralITAlliance/Getty Images

    ІІМ қазақстандықтардың дербес дерегі сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылым дерегінше, Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратты тексерген.

    "Бүгінгі таңда eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар мұндай хабарландырудың жариялану фактісі назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта хабарландыруды орналастырған тұлғаны, ұсынылып отырған деректердің қайдан алынғанын, сондай-ақ оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда", - делінген хабарламада.

    Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың дербес дерегін қорғауға қатысты конституциялық кепілдікті іске асыруға барынша жауапкершілікпен қарайтынын ескертті.

    "Конституцияның 21-бабында дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын мұндай әрекеттерден қорғау тікелей көзделген", - делінген мәлімдемеде.

    Еске салсақ, бұған дейін Mash басылысы 15 млн қазақстандықтың дерегі желіде сатылып жатқанын мәлімдеген.

    "15 млн қазақстандықтың дербес дерегі сатылымға шығарылды": ІІМ тексеріс қорытындысын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.