Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін маман әйеліне қатыгездік танытқан
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жетісу облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін орталықтың қызметкері өз әйеліне қатыгездік танытқаны үшін сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ прокуратураға сілтеме жасап.
Жетісу облысы прокуратурасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қаратал аудандық соты отбасылық зорлық-зомбылық фактісі бойынша отбасын қолдау орталығының қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады.
"Қылмыс жасалған кезде ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін "Жанұя" Отбасын қолдау орталығында заңгер болып жұмыс істеген. Алайда жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған кәсіби қызметіне қарамастан, өзінің жұбайына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған", - делінген хабарламада.
Сот талқылауы барысында Қаратал ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы оның кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен кінәліге 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.
Жетісу облысының прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Заңдылықты қамтамасыз ету және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2412760-zhetisuda-turmystyq-zorlyq-zombylyqtan-zardap-shekkenderge-komek-korsetetin-maman-aieline-qatygezdik-tanytqan/
