jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында сәбиін дәретхана шұңқырына тастап өлтірді деген әйелге сот үкім шығарды

    судья балғасы
    Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Түркістан облысында сәбиін аула дәретханасының шұңқырына тастап өлтірді деген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап.

    Түркістан облыстық соттарының баспасөз қызметі Сайрам аудандық сотында қаралған қылмыстық істің мән-жайын баяндады. Іс Қылмыстық кодекстің 100-бабы 2-бөлігі (" Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") бойынша қаралды.

    "2025 жылы сәуірде Д. есімі анықталмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, жүкті болған. Ол жүктілігін туыстарынан жасырған. Медициналық мекемеге есепке тұрмаған және дәрігерлік тексеруден өтпеген.

    2025 жылдың желтоқсанында Сайрам ауданындағы үйінде тоғыз айлық жүктілік кезінде ауласындағы дәретханада тірі нәрестені босанған. Содан кейін жаңа туған баланы дәретхана шұңқырына тастап кеткен", - дейді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

    Айыпталушы сәбидің өмірін сақтап қалу үшін ешқандай әрекет жасамаған.

    "Сәбиді босанғанын жасыру мақсатында ол ауладан құм, тас және топырақ аралас затты алып, шұңқырда жатқан нәрестенің үстіне төккен. Осылайша, Д. босану кезінде өз сәбиін өлтірген", - деп толықтырды соттағылар.

    Сот үкімімен әйел қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Түркістан облысында сәбиін дәретхана шұңқырына тастап өлтірді деген әйелге сот үкім шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.