jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада бойжеткен лифт ішінде бейтаныс жігіт тиіскенін айтты

    лифт
    Лифт ішінде. Видеодан кадр: threads.com/@11gohalek

    Қазақстандық бойжеткен желіде лифт ішінде бейтаныс жігіттің тиіскені туралы жазды. Іс сотқа жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана полициясына сілтеме жасап.

    Threads желісінде бойжеткен дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда болған жағдайды баяндады. Алдымен ол өзінің соңынан түскен cияқты болып көрінген көлікті байқаған.

    Кейін автор бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерді. Видеодан көліктегі жігіттің оның соңынан лифтіге дейін жүгіріп барғаны анықталды.

    "Лифтіге жеткенде оны танымадым. Мен оны күтіп, лифт есігін ұстап тұрдым. Ол батырмаларды қатты баса бастады, сол кезде оның қолы маған тиді. Содан кейін ол маған тиісе бастады.

    Ол мені екі рет ұстады, сосын мен оған: "Маған тиіспеңізші" дедім. Кейін ол әдейі менің артыма тұрып алып, шығатын сәтімді күтті де, мені тепті", - деп жазды қазақстандық бойжеткен.

    Бұл оқиғаға қатысты Астана қаласы ПД Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жауап берді.

    "Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушыны анықтады. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды", - деп хабарлады полиция өкілдері жазбаға қалдырған пікірде.

    Астанада бойжеткен лифт ішінде бейтаныс жігіт тиіскенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.