jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    TikTok-та жол апаты туралы жалған ақпарат таратқан қазақстандық айыппұл арқалады

    Телефон ұстаған ер адам
    Телефон ұстаған ер адам. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Петропавлда TikTok қолданушысы жол-көлік оқиғасы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    СҚО соттарының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Петропавлдың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында жол-көлік оқиғасы туралы жалған ақпарат жариялаған TikTok қолданушысына қатысты іс қаралған.

    Ол осы жылдың тамыз айында өз парақшасында жүргізушінің велосипедшіні қағып кеткені, салдарынан оның ауыр жарақат алып, жедел жәрдем көлігінде жатқаны және өздігінен жүріп-тұра алмайтыны туралы ақпарат жариялаған.

    Сот анықтағандай, аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмеген. Велосипедшіге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген және оны ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Сонымен қатар оған жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

    Жалған ақпарат таратылғаны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, оқиғаға қатысушының өтініші мен түсініктемелерімен, сондай-ақ бейнежазбамен расталған.

    Желі қолданушысы өз кінәсін мойындап, дәлелдемелерге дау келтірмеген.

    Сот қаулысымен ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК, яғни 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    TikTok-та жол апаты туралы жалған ақпарат таратқан қазақстандық айыппұл арқалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.