Алматыда шетелдік азаматтар ұшақтағы әрекеті үшін жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұшақта темекі шеккен екі жолаушы жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық Сеул – Алматы және Алматы – Шымкент бағытындағы рейстерде тіркелген, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ведомстволық сайтының мәліметінше, Сеул – Алматы бағытындағы әуе рейсінде 56 жастағы шетелдік азамат авиациялық қауіпсіздік талаптарын елемей, ұшақ дәретханасында темекі шеккен. Ұшақ қонғаннан кейін ол акт бойынша көлік полицейлеріне тапсырылған.
Осыған ұқсас жағдай Алматы – Шымкент бағытындағы ішкі рейсте де болған. Онда да ұшу кезінде темекі шегуге салынған тыйымды бұзған шетелдік жолаушылар анықталған.
"Барлық құқық бұзушы әуе кемесі бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Көлік полицейлері әуе және теміржол көлігі объектілерінде ережелерді сақтау – ең алдымен барлық жолаушыға қауіпсіздігінің кепілі екенін ескертеді", - делінген хабарламада.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе және теміржол инфрақұрылымы нысандарында 62 639 құқық бұзушылықты анықтаған.
"Олардың ішінде ең жиі кездесетіндері: 4 575 дерек алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, 2 835 дерек темекі шегуге салынған тыйымды бұзу", - деді полиция өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2413884-almatyda-sheteldikter-ushaqtagy-areketi-ushin-zhauapqa-tartyldy/
